Олимпиада-2026: қазақстандық конькимен жүгіруші сәтсіз өнер көрсетті
Олимпиада-2026 ойындарында әйелдер арасындағы 5000 метрлік конькимен жүгіру жарысында Қазақстан атынан Надежда Морозова сәтсіз өнер көрсетіп, көш бастаған спортшыдан 18,64 секунд айырмашылық жасап 10-орынды иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алтын алқаны италиялық Франческа Лоллобриджида жеңіп алды. Күміс жүлде нидерландтық Мерел Конейнге (+0,10) тиесілі болса, қола жүлде норвегиялық Райне Виклундқа (+0,17) бұйырды. Жарысқа барлығы 12 спортшы қатысты.
Айта кетелік, Олимпиада-2026 Милан мен Кортине-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатыр. Қазақстан атынан 36 спортшы 10 спорт түрінен бақ сынап жатыр. Жарыс 22 ақпанға дейін жалғасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или