Головкиннен жеңілген боксшы төрт жылдан соң рингке шығады
Жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, төрт жыл бойы алаңнан шеттеп қалған Келл Брук спортқа қайта оралып, 36 жастағы Крис Юбанк-кішімен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Брук рингке Дубай кездесуінен бастап оралмақ. 11 сәуірде ол Эйса Аль-Дахамен жұдырықтасады. Онан кейінгі жоспары Юбанкпен бұрынғы тарихты «есепке келтіру».
2016 жылы Юбанк пен оның командасы Геннадий Головкинмен титулдық айқастан бас тартқан кезде Брук араласып, британ боксының ең қызықты оқиғаларының бірін тіркеген болатын.
«Бізде аяқсыз қалған тарих бар. Ол Головкинмен бірге-бір шығу орнына одан бас тартты. Мен араластым. Егер оның ниеті болса, менің талаптарымды ескерсін. Біз шарттардың бәрін келісіп, жұдырықтаса аламыз» деді Брук Boxing King Media сайтына берген сұхбатында.
Айта кетелік, Брук 2022 жылы мансабын аяқтағанымен, өткен жылы қайырымдылық мақсаттағы кездесу үшін рингке шыққан. Юбанк болса, өткен күзде Конор Бенннен жеңіліп, кейін денсаулығына байланысты алаңға шығуын уақытша тоқтатқан еді.