Ресми: Абат Айымбетов – «Петролул» ойыншысы

Ресми: Абат Айымбетов – «Петролул» ойыншысы

Румынияның «Петролул» клубы 30 жастағы қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетовпен келісімшартқа қол қойғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қос тарап маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ оны ұзарту мүмкіндігі де бар екен.

«Петролул» Румыния чемпионатында 12-орында келе жатыр.

Айымбетов бұған дейін «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана» және Ресейдің «Крылья Советов» клубтарының намысын қорғаған.

2023/24 және 2024/25 маусымдарында Түркияның «Адана Демирспор» командасында өнер көрсетті.

Айта кетелік, қазақстандық футболшы Түркия суперлигасында  36 матч өткізіп, 6 голдың авторы атанған болатын.

Алекс Фернандес «Жеңіске» ауысуы мүмкін

«Елімайдің» бапкері командадан кетуі мүмкін

«Ұлытау» грузиялық командамен жолдастық кездесу өткізді

Айымбетовтың румыниялық клубтағы алғашқы матчы қашан өтуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или