OCTAGON 1XBET SELECTION 58: Салаваттан әдемі мерзімінен бұрын жеңіс
Орталық Азияның OCTAGON1XBET SELECTION 58 іріктеу турнирі аясында Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері октагонда жолықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жекпе-жек OCTAGON лигасы мен 1XBET серіктестігі аясында ұйымдастырылды.
Жеңіл салмақта өзбек ММА мектебінің өкілі Мироншох Мавлонов қазақстандық Қаби Салаватқа қарсы шықты. Алғашқы бес минутта қос спортшы да бастаманы өз қолына алуға тырысып, тартысты айқас көрсетті.
Раундтың соңғы минутында жағдай күрт өзгерді. Салаваттың күтпеген қарымта шабуылы қарсыласын ыңғайсыз жағдайға қалдырып, сәтті қылқындыру әдісіне ұласты. Нәтижесінде қазақстандық файтер мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Жекпе-жектің шешуші сәтін турнир жазбасынан көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или