Астана 2027 жылы УЕФА-ның 51-конгресін қабылдайды

Астана 2027 жылы УЕФА-ның 51-конгресін қабылдайды

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы 2027 жылғы 4 наурызда УЕФА-ның 51-конгресі Қазақстан астанасында өтетінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл шешім Брюссельде өткен ұйымның 50-конгресінде жарияланды. Жиынға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория қатысты.

УЕФА Конгресі – еуропалық футболдағы ең жоғары басқарушы орган. Ол жыл сайын 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдерін біріктіреді. Конгресс барысында Еуропадағы футболды дамытуға қатысты стратегиялық шешімдер қабылданып, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарға байланысты тақырыптар қаралады және ұйымның басшылық құрамы сайланады.

Айта кетейік, 51-конгресс сайлау форматында өтеді. Жиында УЕФА президенті мен Атқарушы комитет мүшелері таңдалады. Осылайша, еуропалық футболдың алдағы жылдардағы даму бағытына қатысты маңызды шешімдер Қазақстанда қабылданады.

Конгресті өткізу құқығы ұйымға мүше елдерге олардың футболды дамытуға қосқан үлесін мойындау белгісі ретінде беріледі. 51-конгресс елімізде өткен ең ірі халықаралық футбол іс-шараларының бірі болмақ. Ұйымдастыру жұмыстары толықтай УЕФА қаражаты есебінен жүзеге асырылады, мемлекеттік бюджет қаржысы пайдаланылмайды.

«Ливерпуль» сырт алаңда жеңіске жетті

Суперлига өз жұмысын тоқтатты


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или