Бразилиялық жартылай қорғаушы елордалық клубтың қарауында жүр

Бразилиялық жартылай қорғаушы елордалық клубтың қарауында жүр

23 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Алекс Фернандес мансабын елордалық «Жеңіс» клубында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Фернандес — «Сантос» клубының түлегі. 2022 жылы болгариялық «Черно море» командасына ауысқан. 2024 жылдың басында ресейлік «Балтикамен» келісімшартқа қол қойды. 3 наурызда РПЛ аясында «Сочиге» қарсы матчта дебют жасап, 13 сәуірде «Ахматқа» қарсы ойында хет-трик тіркеп, клуб сапындағы алғашқы голдарын соқты.

2025 жылдың ақпан айында жартылай қорғаушыны «Балтикадан» 2024/25 маусымының соңына дейін «Нефтчи» жалға алған. Қазіргі таңда футболшы Али Әлиев жаттықтыратын команданың орналасқан жерінде жүр.

Айта кетейік, өткен маусымда «Жеңіс» Қазақстан Премьер-Лигасында алтыншы орын алған.

«Ұлытау» грузиялық командамен жолдастық кездесу өткізді

Айымбетовтың румыниялық клубтағы алғашқы матчы қашан өтуі мүмкін


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или