Тәжірибелі аналитик басқа КПЛ клубтарымен келіссөз жүргізіп жатыр

Тәжірибелі аналитик басқа КПЛ клубтарымен келіссөз жүргізіп жатыр

«Елімай» клубының және Қазақстан құрамасының бапкер-аналитигі Магомед Нозадзе семейлік командадан кетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

40 жастағы маман «Елімайда» 2023 жылдың соңынан бері жұмыс істеп келеді. Алайда қазіргі таңда клубпен келісімшартын ұзартпаған. Ақпаратқа сәйкес, Нозадзе скаутинг, аналитика және GPS-трекинг бағыттарында қиындық көріп отырған Қазақстан Премьер-Лигасының бірнеше клубымен келіссөз жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, Магомед Нозадзе бұған дейін «Астана», «Оқжетпес», «Каспий» және «Қайрат» клубтарында қызмет атқарған. Сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасында бірнеше бас бапкердің штабында жұмыс істеген.

«Ұлытау» грузиялық командамен жолдастық кездесу өткізді

Айымбетовтың румыниялық клубтағы алғашқы матчы қашан өтуі мүмкін


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или