Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Күрес федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл қызметке Нұрсұлтан Теміров тағайындалды.

Ол 2014 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. Әр жылдары жасөспірімдер және жастар құрамасының, сонымен қатар, ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Үш жыл бойы әйелдер күресінен мемлекеттік жаттықтырушы болып еңбек етті.

Сондай-ақ әлем чемпионатының 4 дүркін жүлдегері Жәмилә Бақбергенова және тағы басқа балуандарды тәрбиелеген.

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сағадиев атқарған еді.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық семсерлесушілер алтыншы орын алды

Қазақстандық биатлоншылар эстафетада бақ сынады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или