Қазақстандық теннисші Катардағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық Анна Данилина Катардың Доха қаласында өтіп жатқан турнирді сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Данилина сербиялық теннисші Александра Круничпен бірге канадалық Лейла Фернандес пен француздық Кристина Младеновичті үш сетте 6-2, 4-6 және 10-4 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 21 минутқа созылды.
Осылайша, Данилина мен Крунич ширек финалға шықты, онда олар австралиялық Сторм Хантер мен Майя Джойнтпен кездеседі.
Қазақстандық теннисші ширек финалға жолдама алды
Александр Бублик алғашқы айналымнан сүрінбей өтті
Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или