Евгений Федоров тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионы атанды
Велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Евгений Федоров тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз топтық жарыста жеңіс тұығырының бірінші сатысына көтерілді. Ол 154,4 шақырымды 03:25.17 уақытта жүріп өтіп, жеңімпаз атанды.
Екінші орынды Қытай өкілі Хаоюй Суй иеленді. Үздік үштікті Абдулла Жасим Әли (БАӘ) түйіндеді.
Айта кетейік, құрлықтық дода Сауд Арабиясының Әл-Қассим қаласында өтіп жатыр.
Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында топ жарды
Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды
Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или