Азия чемпионаты: Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев алтын медаль жеңіп алды

Азия чемпионаты: Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев алтын медаль жеңіп алды

Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатының кезекті күнінде қоржынымыз 3 алтын, 2 күміс жүлдемен толықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 метрден кіші калибрлі винтовкамен жатып нысана көздеу сайысында Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев топ жарды. Сондай-ақ Никита Шахторин де осы сында күміс жүлдегер атанды.

Ал командалық сайыста Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский үздік шықты.

25 метрден жылдам атылатын тапанша бәсекесінде де Никита Чирюкин, Артемий Кабаков, Кирилл Цуканов қарсылас шақ келтірмеді.

Дәл осы сыннан жекелей сайыста Никита Чирюкин күміс медальді еншіледі.

Айта кетейік, бәсеке 3 жас санатында (ересектер, жастар, жасөспірімдер) өтіп жатыр. Биыл Дели қаласында құрлықтағы 20 елден жиналған 320 спортшы жүлдеге таласады. Қазақстан құрамасы сапында 3 жас санатында 47 мерген аттанды.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық семсерлесушілер алтыншы орын алды

Қазақстандық биатлоншылар эстафетада бақ сынады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или