Қысқы Олимпиада: Биатлоншылар нәтижесі көңіл көншітпейді

Қысқы Олимпиада: Биатлоншылар нәтижесі көңіл көншітпейді

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан әйелдер арасындағы алғашқы жүлде үлестірілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

15 шақырымды құрайтын жеке сайыста Айша Рақышева 86-орын алса, Милана Генева 89-орынмен тәмамдады.

Жарыстың басты сенсациясы ретінде Болгария өкілі Лора Христованың қола жүлде алуы болды.

Жүлдегерлер:

  • 1-орын. Жулия Симон (Франция) - 41:15.6
  • 2-орын. Лу Жанмонно (Франция) - 42:08.7
  • 3-орын. Лора Христова (Болгария) - 42:20.1
  • 86.Айша Рақышева - 53:52.8
  • 89.Милана Генева - 54:22.4


Биатлоннан кезекті жарыс 13 ақпанға жоспарланған.

Айта кетейік, Айша Рақышева мен Милана Генева өз мансаптарында алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или