Италиялық хирург Өзбекстан құрамасының футболшысына ота жасады
Өзбекстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Хусниддин Аликулов Римдегі «Villa Stuart» клиникасында табысты отадан өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өзбекстан футбол Ассоциациясының баспасөз қызметі хабарлауынша, Аликулов жарақат алғандықтан ойыннан шығып қалған. Емдеу жоспарына сәйкес оған хирургиялық араласу ұсынылды.
Жақында ойыншыға атақты италиялық хирургі Пьер Паоло Мариани ота жасады. Қазіргі таңда Аликулов өзін жақсы сезінеді және жақын арада қалпына келу бағдарламасына кіріседі.
Айта кетелік, ассоциация ойыншыға тезірек сауығып, алаңға қайта оралуын тілеп, қолдау білдірді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или