Канада Олимпиада қонақ үйлерінде тұрғысы келмейді

Канада Олимпиада қонақ үйлерінде тұрғысы келмейді

Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарында Канада ерлер хоккей құрамасы Олимпиада ауылынан шығып, бес жұлдызды қонақүйге көшеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

The Athletic басылымының хабарлауынша, бұл шешім жақын арада қабылдануы мүмкін. Команданың қақпашысы Логан Томпсон мен шабуылшысы Самуэль Беннетт көшу мәселесі қарастырылып жатқанын растады.

Бапкерлердің пікіріне сүйенсек, қонақүйде тұру конференц-залдарға еркін қолжетімділік сыйлайды. Бұл топтық жиналыстар мен тактикалық талдауларды ыңғайлы өткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, АҚШ құрамасы және хоккей турнирінің өзге қатысушылары Олимпиада ауылында қалуды жоспарлап отыр.

Айта кетелік, Канада құрамасы 12 ақпанда топтық кезеңдегі алғашқы матчын Чехияға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или