Еурокубок қатысушысы бапкерінен айырылуы мүмкін
Семейдің «Елімай» клубы мен Қазақстан құрамасында қызмет атқаратын бапкер-аналитик Магомед Нозадзе командадан кетуі ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.
40 жастағы Магомед Нозадзе «Елімайда» 2023 жылдың соңынан бері жұмыс істеп келеді. Алайда қазіргі уақытқа дейін клубпен келісімшартын ұзартпаған.
Мәліметке сәйкес, маман КПЛ-дің басқа клубтарымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Әсіресе скаутинг, аналитика және GPS-трекинг бағытында қиындықтары бар командалар оған қызығушылық танытып жатыр.
Айта кетелік, Нозадзе бұған дейін «Астана», «Оқжетпес», «Каспий» және «Қайрат» клубтарында еңбек еткен. Қазақстан құрамасында да бірнеше бас бапкердің штабында жұмыс істеген тәжірибелі маман саналады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или