Ресей: «Дағыстанға UFC-дегі барлық белбеуді беруге болады»

Ресей: «Дағыстанға UFC-дегі барлық белбеуді беруге болады»

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Дмитрий Киреев UFC-ге ауысуға дайын екенін айтып, дағыстандық файтерлер әлемдік промоушендегі барлық титулды жеңіп ала алады деген пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

26 жастағы Дмитрий Киреев ресейлік спортшылардың деңгейі шетелдік жұлдыздардан жоғары екенін алға тартты.

«Мен UFC-ге бірден ауысуға келісер едім. Бізде қаншама мықты, болашағы зор жігіттер бар. Бірақ оларды UFC-ге ала бермейді, демек ол жаққа өту қиын. Тіпті бір ғана Дағыстан құрамасының өзі барлық белбеуді емін-еркін иелене алады. Біздің топ спортшылардың барлығы барса, нағыз қарқын көрсетеді»  деді Киреев.

Айта кетелік, қазіргі уақытта Киреев ММА-де жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. UFC чемпионы атанған ресейліктер қатарында Петр Ян мен Ислам Махачев бар. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или