«Торпедо» «Барыс» құрамасының шабуылшысын қатарға қосты
Өскеменнің «Торпедо» клубы Қазақстан құрамасының және «Барыс» жүйесінің ойыншысы Руслан Оспановпен келісімшарт жасағанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
21 жастағы шабуылшы маусым соңына дейін жалға алу келісімі негізінде «Торпедо» сапына қосылды. Руслан Оспанов Өскемен хоккей мектебінің түлегі. Ол ҚХЛ-де және Солтүстік Америкада өнер көрсету тәжірибесіне ие, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы саналады.
Айта кетелік, ағымдағы маусымда Оспанов «Номад» құрамында 31 матч өткізіп, 23 ұпай (8 гол + 15 нәтижелі пас) жинаған. Сонымен қатар «Барыс» сапында ҚХЛ-де жеті ойынға қатысқан болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или