Хоккей: Қазақстан чемпионатында тарихи рекорд тіркелді

Хоккей: Қазақстан чемпионатында тарихи рекорд тіркелді

Петропавлдың «Құлагер» клубының шабуылшысы Артем Бурделев Қазақстан хоккей чемпионаты тарихындағы ең үздік бомбардир атанып, тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бурделев бұл рекордты чемпионат көшбасшысы саналатын қарағандылық «Сарыарқаға» қарсы өткен үй матчында жаңартты. 11-нөмірмен өнер көрсететін шабуылшы кездесуде екі нәтижелі пас беріп, команданың жеңісіне зор үлес қосты. Соның бірі Евгений Бурлаканың шешуші шайбасына голдық пасы болды.

Айта кетелік, «Құлагер» сапында Александр Своеволин дубль авторы атанса, қонақтар құрамында Артём Лихотников екі рет мергендік танытты. Алаң иелерінің қақпашысы Антон Осокин сенімді ойын көрсетіп, қақпаға бағытталған 41 соққыны қайтарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или