Топурия Махачевке қоқан-лоқы жасады
UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топурия жартылай орта салмақ чемпионы Ислам Махачевпен жекпе-жек өткізуге мәлімдеме жасап, қарсыласына ескерту жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Илия Топурия Махачевпен мүмкін болатын айқас жайлы пікір білдіріп, оның бұрынғы қарсыластарынан мүлде бөлек екенін айтты.
«Мыңдаған шақырым қашықтықта отырып, мені сынау оңай. Бірақ октагонға менімен бірге шыққанда, мен Джек Делла Маддалена да, Дэн Хукер де, сен жекпе-жек өткізген басқа жігіттерге ұқсас емес екенімді түсінесің. Мен мүлде басқамын. Оң қолым саған тиген сәтте, сені өте ұзақ ұйқы күтіп тұрғанын көресің» деді Топурия.
Ислам Махачев соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың қарашасында UFC 322 турнирінде өткізіп, Джек Делла Маддаленаны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген. Оның еншісінде 28 жеңіс және бір жеңіліс бар.
Айта кетелік, Топурия 2025 жылдың маусымында UFC 317 турнирінде Чарльз Оливейраны бірінші раундта нокаутпен жеңді. Қазіргі таңда оның қоржынында жеңіліссіз 17 жеңіс бар.