Олимпиада-2026: Америкалық шаңғышы жарақатпен жарысты жалғастырып жатыр
АҚШ-тың олимпиада чемпионы Джессика Диггинс Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарында скиатлон кезінде құлап, қабырғасын сындырып алғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сейсенбі күні ол спринт жарысына қатысып, ширек финал кезеңінде тоқтады. Спортшының айтуынша, қабырғасының сынғанын спринттің іріктеу кезеңі кезінде ғана білген.
— Қабырғамның сынғанын спринттегі алғашқы жарыстан кейін білдім. Жарыс кезінде ауырсыну бәсеңдегендей болды, бірақ кейін қатты сезілді. Қос итеріліс тәсілі маған қиын тиіп жатыр, сондықтан барымды салып жатырмын. Физикалық тұрғыда өзімді жақсы сезінемін, бірақ бұл жарақат әсер етпей қоймайды, — деді Диггинс.
Бейсенбі күні Олимпиада бағдарламасында әйелдер арасындағы 10 шақырымдық еркін стиль жарысы өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или