Ресейлік спортшы: «Мені бұл қиындықтан Эдгар Акопян құтқарды...»

Ресейлік спортшы: «Мені бұл қиындықтан Эдгар Акопян құтқарды...»

Мәнерлеп сырғанаушы Петр Гуменник Миланға ұшпас бұрын өзінің музыкалық бағдарламасына қатысты шектеу туралы бір күн бұрын ғана естіген, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Петр Гуменник жарыстарға бірнеше күн қалғанда, өзінің нақты қай әуенге билейтінін білмегенін жеткізді.

«Қандай композицияны пайдалануға болатынын білмедік. Бастапқыда «Дюна» музыкасын қаладым, әйткенмен оны пайдалануға тыйым салынды. Екі күн қалғанда бағдарламамды өзгерттім. Бұл шешуші сәтте Эдгар Акопян көп көмектесті» деді Гуменник.

Айта кетелік, ол қысқа бағдарламасында атақты «Парфюмер» әуенімен өнер көрсетті. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или