Олимпиада подиумы мәнерлеп сырғанаушылардың конькиін бүлдірді

Олимпиада подиумы мәнерлеп сырғанаушылардың конькиін бүлдірді

Милан-Кортина 2026 Олимпиадасының марапаттау рәсімінде подиум беткі қабатының кемшілігі спортшылардың коньки лезвілеріне зақым келтірген, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Жапондық мәнерлеп сырғанаушылар командалық турнирдегі марапаттау кезінде подиумның дұрыс боялмағанын айтып, конькилерінің лезвілеріне зақым келгенін хабарлады. Сонымен қатар америкалық және итальян спортшылары да мұны растап отыр. 

Айта кетелік, ұйымдастырушылар мәселені дереу шешіп, подиумның жаңа беткі қабатын орнатуға кірісті. Олар бұл мәселені ISU (Халықаралық мәнерлеп сырғанау одағы) тарапынан толық шешу үшін қосымша уақыт қажет екенін де ескертті.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или