«Мұз үстіндегі Пол Атрейдес». Михаил Шайдоровтың Олимпиададағы өнеріне Түркияда жоғары баға берілді
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада өнер көрсетіп, Түркия спорт шолушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түркияның BirGün газетінің спорт шолушысы қысқа бағдарламаны бағалай келе, Шайдоровты ерекше атап өтті.
«Маған қазақстандық Шайдоров өте ұнады, ол «Дюна» фильмінің саундтрегіне өнер көрсетті. Ол бесінші орын алды. Костюмінде ол дәл мұз үстіндегі Пол Атрейдес сияқты көрінді» деп жазды түркиялық журналист Топал.
Сонымен қатар америкалық Илья Малинин мен жапон серісі Юма Кагиямының өнерін аса бағалап, олардың Шайдоровқа басты қарсылас екенін жеткізді.
Айта кетелік, Михаил Шайдоров қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша бесінші орынға ие болған еді. 13 ақпан күні еркін бағдарламамен бақ сынайды.