23 жастағы вингер медициналық тексерістен өтсе, трансфер ресми жарияланады

23 жастағы вингер медициналық тексерістен өтсе, трансфер ресми жарияланады

«Қайрат» финляндиялық «Ильвес» клубының вингері Ойва Юкколаны сапына қосу жөнінде келісімге келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөз мәліметінше, трансфердің барлық шарттары келісілген. Енді 23 жастағы футболшы медициналық тексерістен өтуі тиіс. Осы рәсім аяқталғаннан кейін клубтар ауысымды ресми түрде жариялайды.

Финляндия чемпионатының соңғы маусымында Юккола «Ильвес» сапында 28 матч өткізіп, 7 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Ойыншының нарықтық трансферлік құны 450 мың еуроға бағаланып отыр. Финляндия ұлттық құрамасында ол екі матч өткізіп, нәтижелі әрекетпен көзге түспеген.

«Қайсар» жарты миллион тұратын футболшыны қатарына қосты

«Астана» мәскеулік «Спартакпен» жолдастық матч өткізді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или