Ерлер арасындағы жарыста көшбасшы — Илья Малинин
Италияда өтіп жатқан Олимпиада-2026 ойындарының төртінші жарыс күні ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудың қысқа бағдарламасымен аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық Михаил Шайдоров қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша 92,94 ұпай жинап, аралық бесінші орынға тұрақтады.
Қысқа бағдарламада ең жоғары нәтижені жарыстың басты фавориті, екі дүркін әлем чемпионы және Олимпиада-2026 командалық турнирінің жеңімпазы америкалық Илья Малинин көрсетті. Төрешілер оның өнерін 108,16 ұпаймен бағалады. Екінші орында жапониялық, Олимпиаданың үш дүркін күміс жүлдегері Юма Кагияма (103,07) тұр. Үштікті 2024 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері француз Адам Сяо Хим Фа (102,55) түйіндеді.
Ерлер арасындағы еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или