Бүгін Ракпаров, Галышева, Городко және биатлоншылар жарыс жолына шығады

Бүгін Ракпаров, Галышева, Городко және биатлоншылар жарыс жолына шығады

Бүгін, 11 ақпанда, Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар үш спорт түрінде медаль үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шаңғы қоссайысында жарыс бағдарламасын сағат 14:00-де Чингиз Ракпаров бастайды. Алдымен ол қалыпты трамплиннен секіреді, ал 17:45-те 10 шақырымдық шаңғы жарысына қатысады.

Фристайлдың могул түрінде сағат 15:00-де әйелдер арасындағы екінші іріктеу кезеңі өтеді. Бұл сында Юлия Галышева, Анастасия Городко және Аяулым Амренова финалдық кезеңге жолдама үшін таласады. Медаль сарапқа салынатын шешуші жарыстар 18:15-ке жоспарланған.

Дәл осы уақытта, 18:15-те, биатлоннан әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жеке жарыс басталады. Қазақстан намысын Айша Ракишева мен Милана Генева қорғайды.

Барлық жарыстардың тікелей көрсетілімі «Qazsport», «Qazaqstan» және «Хабар» телеарналарында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 36 спортшы қатысып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или