30 жастағы спортшының қарсыласы америкалық Брэндон Глэнтон болады. Бұл айқаста бірінші ауыр салмақта Zuffa Boxing нұсқасы бойынша тарихтағы алғашқы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Жекпе-жек Лас-Вегастағы Apex аренасында өтеді.
Джей Опетая кәсіби рингте 29 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы саналады. Ал Брэндон Глэнтонның көрсеткіші — 21 жеңіс, 3 жеңіліс. Бұған дейін ол Сослан Асбаровтан ұтылып, өткен жазда Мәскеуде Алексей Егоровпен жұдырықтасқан.
Айта кетейік, Zuffa Boxing лигасы — UFC басшысы Дэйна Уайт пен саудиялық Riyadh Season жобасының бірлескен бастамасы.
Қазақстандық боксшы халықаралық турнирдің үздігі деп танылды
Виктор Темиров Германиядағы жеңістен кейін жанкүйерлерге алғыс айтты