Қазақстандық теннисші Чжэн Циньвэньге қарсы кортқа шығады
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Катардағы «мыңдық» турниріндегі өнерін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
11 ақпанда үшінші айналым аясында әлемнің үшінші ракеткасы қытайлық Чжэн Циньвэньмен кездеседі. Матч Астана уақытымен 20:00-де басталады. Ойынды мына сілтемеден көре аласыз.
Бұл кездесу Рыбакина үшін Australian Open-2026 турниріндегі жеңістен кейінгі екінші ойыны болмақ. Бұған дейін қазақстандық теннисші Дохадағы алғашқы матчында Ван Синьюйді 6:2, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңген еді.
Өз кезегінде Чжэн Циньвэнь 1/8 финалға америкалық Софья Кенин мен Алисия Парксті жеңіп шығып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или