Михаил Шайдоров: өз мүмкіндігіме сай сырғанауды мақсат еттім. Нәтижесінде бәрі ойдағыдай болды

Михаил Шайдоров: өз мүмкіндігіме сай сырғанауды мақсат еттім. Нәтижесінде бәрі ойдағыдай болды


Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Олимпиада ойындары аясында өткен қысқа бағдарламада бесінші орынға ие болды.

Өз өнерінен кейін қазақстандық спортшы жарыс барысында толқуын жеңе алғанын айтты.

"Бұл мені өте қатты қобалжытты. Өйткені бұл - әлем чемпионаты емес, Олимпиада ойындары. Сондықтан психологиялық тұрғыдан оңай болған жоқ. Соған қарамастан, өзімді қолға алып, толқуды жеңе алдым. Бағдарламаны артық күш салмай, өз мүмкіндігіме сай, таза сырғанауды мақсат еттім. Нәтижесінде бәрі ойдағыдай болды.

Жаттығуларда бәрін мінсіз орындап жүрдім. Бұл да нәтижеге оң әсерін тигізді. Барлық эмоцияны, ішкі сезімді жеңе алғаныма қуаныштымын. Енді демалып алуға уақыт бар. Содан кейін жарысты жалғастырамын", - деді спортшы.


Айта кетейік, ерлер арасындағы жекелей сайыста еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или