Доха турнирі: Елена Рыбакина жарысты сәтті бастады

Доха турнирі: Елена Рыбакина жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохадағы турнирдің екінші айналымында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рыбакина турнирдің екінші айналымында қытайлық Ван Синьюмен (33-ші орын) кездесті. Матч 6-2, 6-4 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды. Осылайша, Қазақстанның ең үздік теннисшісі 1/8 финалға шықты.

Өткен жылы Дохадағы турнирде Елена Рыбакина ширек финалға дейін жетіп, поляк Ига Швентектен (екінші орын) 2-6, 5-7 есебімен ұтылды.

Биылғы турнирдің жүлде қоры 4 088 211 АҚШ долларын құрайды. Жеңімпаз 665 000 АҚШ доллары мен 1000 рейтингтік ұпай жинайды. 


Қазақстандық теннисші Үндістанда екі сағаттық матч өткізді

Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды

Теннис: Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Монакоға жол берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или