Анастасия Городко: Олимпиаданың финалына шығуға әлі де мүмкіндік бар

Анастасия Городко: Олимпиаданың финалына шығуға әлі де мүмкіндік бар

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Анастасия Городко 2026 жылғы Олимпиада ойындарындағы алғашқы іріктеу кезеңіндегі өнеріне баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, отандасымыз бірінші іріктеуде 12-орынға ие болып, финалға тікелей жолдама ала алмады. Ол жарысты екінші іріктеу кезеңінде жалғастырады.

"Шыны керек, өз өнеріме көңілім толмады. Бар мүмкіндігімді толық көрсете алмадым. Әрине, қобалжыдым. Белгілі бір сәтте қобалжу басым болды. Дегенмен Олимпиада күнде бола бермейді, мұндай жарыстың мәртебесі де өз әсерін тигізеді. Соған қарамастан, финалға шығуға әлі де мүмкіндік бар. Ертең екінші іріктеу кезеңі өтеді.

Бұл - менің екінші Олимпиадам. Әрине, 2022 жылғы Ойындармен салыстырғанда мүлде басқаша сезім. Жарыс барысы да өзгеше. Бірақ күресті жалғастырамыз. Әлі мүмкіндігіміз бар. Жарыс жолы ұнады, атмосфера өте жақсы. Жақсы дайындықтан өттік. Сондықтан алда өтетін бәсекеде барымызды саламыз", - деді Анастасия Городко.

Айта кетейік, екінші іріктеу кезеңінде қазақстандық могулшылар Юлия Галышева мен Аяулым Әмренова да бақ сынайды. Іріктеу кезеңі сағат 15:00-де басталады.

Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі


Милан Олимпиадасында Павел Колмаков финалға жолдама алды

Милан Олимпиадасында шорт-трекшілеріміз жарысқа шықты

Олимпиада 2026: Төртінші күннің тікелей трансляциясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или