Қазақстандық могулшылар 2026 жылғы Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында фристайл-могулдан әйелдер арасында іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.
Бұл сайысқа Қазақстан құрамасының атынан үш спортшы қатысты.
Алайда олардың ешқайсысы финалға тікелей жолдама ала алмады.
Анастасия Городко 12 - орын, Юлия Галышева - 14 орын алса, Аяулым Әмренова 20-орынға тұрақтады. Үшеуі де іріктеудің екінші кезеңінде бақ сынайды.
Айта кетейік, бұл спорт түрінен финалдық кезеңге өту үшін іріктеу кезеңінде үздік ондыққа ілігу қажет. Ал қалған спортшылар іріктеудің екінші кезеңінде бақ сынайды.
Іріктеу кезеңінің екінші кезеңі 11 ақпанда сағат 15:00-де басталады. Ал финал сағат 18:15-те өтеді.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, ҰОК баспасөз қызметі
Милан Олимпиадасында шорт-трекшілеріміз жарысқа шықты