Қызылордалық «Қайсар» қатарына ресейлік қорғаушы қосылды
«Қайсар» ресейлік қорғаушы Амир Мохаммедтің ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Амир Мохаммад "Қайсар" сапын толықтырды.
30 жастағы қорғаушы Амир Мохаммад "Қайсар" футбол клубының ойыншысы атанды. Амир ресейлік "Анжи" футбол клубының түлегі. Ол "Химки" және "Балтика" сапында сәтті өнер көрсетіп, Ресей ұлттық лигасының екі дүркін жеңімпазы атанған.
Амирге жаңа маусымда сәттілік тілеп, жанкүйерлер сенімін ақтайтынына сенім білдіреміз!», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Мохаммед - «Анжи» (Дағыстан, Ресей) командасының түлегі және қорғаушы позициясында ойнайды. Мансабында ресейлік 237 матч өткізіп, 33 гол соғып, 13 нәтижелі пас берді. Ресей Премьер-лигасында небәрі жеті матч өткізді.
Transfermarkt қорғаушының құнын 500 000 еуроға бағалайды.
«Астана» мәскеулік «Спартакпен» матч өткізді
«Оқжетпес» Түркияда өзбекстандық команданы жеңді