Денис Евсеев Үндістандағы жарыстың екінші кезеңіне шықты
ATP рейтингінде 362-ші орында тұрған қазақстандық теннисші Денис Евсеев Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Challenger сериясы турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші раундтағы кездесуінде әлемдік рейтингте 271-ші орында тұрған француз Флориан Бакспен кездесті. Матч 2 сағат 16 минутқа созылды. Француз бірінші сетте 7:5 есебімен басым түсті, бірақ Евсеев екінші сетте таразы басын теңестірді - 6:4. Шешуші үшінші сетте қарсылас матчты жалғастырудан бас тартты. Ол сәтте қазақстандық теннисші 3:2 есебімен ұтып жатқан еді.
Осылайша, қазақстандық теннисші турнирдің екінші кезеңіне өтті. Ол келесі матчта ATP рейтингінде 513-ші орында тұрған жергілікті теннисші Мукунд Сасикумармен кездеседі.
Ченнай турнирінің жүлде қоры 63 000 АҚШ долларын (30 миллион теңге) құрайды. Жекелей сында жеңімпаз 9 500 АҚШ доллары мен 50 ATP рейтингтік ұпайын алады.
Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды
Теннис: Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Монакоға жол берді