Ақжол Дәрібай «Семейден» кетті

Ақжол Дәрібай «Семейден» кетті

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ақжол Дәрібай Қарағандының «Тұлпар» командасымен жалға беру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz семейлік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ресми: Ақжол Дәрібай «Тұлпарға» жалға беріледі.

«Семей» футзал клубы 26-жасар Ақжол Дәрібайдың маусым соңына дейін қарағандылық «Тұлпар» клубына жалға берілетінін хабарлайды.

Ақжолға жаңа клубында сәттілік тілей отырып, Семейге бұрынғыдан да мықтырақ болып оралуын күтеміз!», - деп жазды команда Instagram парақшасында.

Дәрібай кәсіби мансабын «Тұлпар» командасында бастады. Ол «Жетісу» және «Астана» командаларында ойнап, ұлттық құрамаға шақырту алды. «Семей» командасымен 2023/2024 маусымында Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті.

Ұлттық құрама сапында 2022 жылдың қазан айында Словенияға қарсы ойында дебют жасады. Сондай-ақ, 2024 жылы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасында ойнап, гол соқты.


Қазақстан U-19 құрамасы Түркістанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или