Бауыржан Исламхан «Астананың» оқу-жаттығу жиынына қосылды

Бауыржан Исламхан «Астананың» оқу-жаттығу жиынына қосылды

Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан «Астананың» Дубайдағы (Бірііккен Араб Әмірлігі) оқу-жаттығу жиынына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бауыржан Исламхан 1993 жылы дүниеге келген, Тараз футболының түлегі. Команда сапында 2011-2012 жылдары ойын көрсетті. 

Ол кәсіби мансабында қазақстандық клубтардан бөлек, Біріккен Араб Әмірлігінің «Аль-Айн» клубының намысын қорғаған. 

Биыл еліміздің «Тұран» және «Астана» клубтарымен келісімшартқа қол қойған еді. Дегенмен екі команда да ойын уақытын алмады.  

Айта кетейік, Бауыржан Исламхан 2023 жылдың басында екі жылдық қатысу құқығының уақытша тоқтатылуын өтеп болғаннан кейін «Ордабасыға» қосылған еді. Сол маусымда ол командаға Қазақстан чемпионатында алғаш рет жеңіске жетуге көмектесті. 2024 жылдың желтоқсанында футболшы жол апатына ұшырап, өткен маусымда бір де бір ойын өткізбегені белгілі болды.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2012 жылдан бері 56 ойында 4 гол соқты.  

ҚПЛ жаңа маусымының күнтізбесі жарияланды

Дастан Сәтпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды

Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының тізімі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или