Еркін күрес: Ұлттық құраманың бапкерлер штабы жасақталды

Еркін күрес: Ұлттық құраманың бапкерлер штабы жасақталды

Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуандары 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жиынға еліміздің әр өңірінен 80 балуан қатысып жатыр. Олардың дені құраманың негізгі спортшылары, ел чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ болашағынан үміт күттіретін жас балуандар.

Aлғашқы жаттығулардың біріне Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Зайнидинов Сабыржан Мырзахметұлы пен спорт директоры Жандос Сайқанов қатысып, балуандарға бапкерлер алқасын таныстырды.

Осылайша еркін күрестен ұлттық құраманың бапкерлер алқасы толық жасақталды:

  • Бас жаттықтырушы - Данияр Қайсанов
  • Аға жаттықтырушы - Аслан Байгулов
  • Жаттықтырушы - Нұрлан Бекжанов
  • Жаттықтырушы - Жігер Зәкіров
  • Жаттықтырушы - Камал Гаджимагомедов


Ризабек Айтмұхан Бішкектегі турнирге қатысады

Еркін күрестен ұлттық құрама бапкері алдағы жоспарларын айтты

Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирде алты медаль еншіледі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или