Еркін күрес: Ұлттық құраманың бапкерлер штабы жасақталды
Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында еркін күрестен Қазақстан құрамасының балуандары 2026 жылдың алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жиынға еліміздің әр өңірінен 80 балуан қатысып жатыр. Олардың дені құраманың негізгі спортшылары, ел чемпиондары мен жүлдегерлері, сондай-ақ болашағынан үміт күттіретін жас балуандар.
Aлғашқы жаттығулардың біріне Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Зайнидинов Сабыржан Мырзахметұлы пен спорт директоры Жандос Сайқанов қатысып, балуандарға бапкерлер алқасын таныстырды.
Осылайша еркін күрестен ұлттық құраманың бапкерлер алқасы толық жасақталды:
- Бас жаттықтырушы - Данияр Қайсанов
- Аға жаттықтырушы - Аслан Байгулов
- Жаттықтырушы - Нұрлан Бекжанов
- Жаттықтырушы - Жігер Зәкіров
- Жаттықтырушы - Камал Гаджимагомедов
Ризабек Айтмұхан Бішкектегі турнирге қатысады
Еркін күрестен ұлттық құрама бапкері алдағы жоспарларын айтты
Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирде алты медаль еншіледі