ОИ-2026: шорт-трекшілеріміз финалға шыға алмады
Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трек сайыстары өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер арасында 500 метр қашықтықта Ольга Тихонова өз тобында Олимпиаданың басты фавориті Ксандра Велзебурмен (Нидерланд) бірге жүгірді. Нәтижесінде отандасымыз 46.352 нәтижесімен іріктеу кезеңінен аса алмады. Ал Яна Хан өз жүгірісінде 2 дүркін әлем чемпионы Михелле Велзебур (Нидерланд) мен 2 дүркін Олимпиада чемпионы Арианна Фонтананың (Италия) қарқынына ілесе алмады. Ол 1:19.722 уақыт көрсеткішін тіркеді.
Ерлер арасында Денис Никиша 1000 метр қашықтықта сынға түсті. Әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Денис Никиша өз тобында кіл мықтылар жиналған Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Пьетро Сигель (Италия), әлем чемпионатының жүлдегерлері Кантен Феркок (Франция), Брендан Кориямен (Аустралия) бірге жүгірді. Нәтижесінде отандасымыз 1:25.987 уақыт көрсеткішімен 3-орынға тұрақтады. Айта кетейік, әр топтан тек 2 үздік нәтиже көрсеткен спортшы ширек финалға өтеді.
Командалық сайыста отандастарымыз 2000 метр қашықтықтағы аралас бәсекеде ширек финалға өте алмады. Бұл сайыста әлемнің тек 12 құрамасы ғана жолдама алған болатын. Абзал Әжғалиев, Яна Хан, Денис Никиша, Ольга Тихонова бастаған Қазақстан құрамасы өз тобында Канада, Қытай, Бельгиямен сынға түсіп, 2:42.199 уақыт көрсеткішімен жарысты 4-орынмен аяқтады. Еске сала кетейік, Қазақстанның дәл осы құрамы Бейжің Олимпиадасында 5-орынға тұрақтаған болатын.
Олимпиада 2026: Төртінші күннің тікелей трансляциясы