Қазақстандық спортшы нысана көздеуден Азия чемпионатында екі алтын медаль еншіледі

Қазақстандық спортшы нысана көздеуден Азия чемпионатында екі алтын медаль еншіледі

Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына 2 алтын медаль түсті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 3 позицияда 50 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жекелей сында София Шульженко жеңімпаз атанды. Ол үздік 8 мерген іріктелген финалда 358.2 ұпай жинап, рекорд жаңартты. Енді отандасымыз - осы жаттығуда ересектер және жасөспірімдер санатында әлем мен Азия рекордының иесі. Мұнда күміс пен қола Үндістан спортшыларының еншісінде.

Ұлттық құрама спортшылары - София Шульженко, Арина Малиновская мен Елизавета Безрукова ақтық сында өнер көрсетіп, жалпы есепте 1-орын алды. Осылайша, биылғы құрлық додасында әйелдер командасы толық басымдық көрсетті. Олардың жалпы көрсеткіші - 1760 балл.

Айта кетейік, бәсеке 3 жас санатында (ересектер, жастар, жасөспірімдер) өтіп жатыр. Биыл Дели қаласында құрлықтағы 20 елден жиналған 320 спортшы жүлдеге таласады. Қазақстан құрамасы сапында 3 жас санатында 47 мерген аттанды. Қазақстан ересектер құрамасының бас бапкері - Ольга Довгун. Сары құрлық бәсекесі 13 ақпанда мәресіне жетеді.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық семсерлесушілер алтыншы орын алды

Қазақстандық биатлоншылар эстафетада бақ сынады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или