Қазақстан U-19 құрамасы Түркістанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Қазақстан U-19 құрамасы Түркістанда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр

Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 9-18 ақпан күндері аралығында Түркістандағы Олимпиада орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Бұл аға бапкер Василий Смолиннің құрама тізгініндегі алғашқы оқу-жаттығу жиыны. Құрамаға 19 ойыншы шақырту алды:

Қақпашылар: Артур Ерошенков («Қайрат» АФК), Әмір Рымжанов («Тұлпар»), Әлихан Омаров («Семей»).

Алаңдағы ойыншылар: Әли Әбдікенов («Қайрат» АФК), Әмірбек Молдасәриев  («Астана»), Артем Махмутов («Тұлпар»), Ернияз Эльдарұлы («Бәйтерек»), Серікбол Төлеш  («Бәйтерек»), Марлен Асылбек («Ақтөбе»), Рахат Төлеген («Каспий»), Расул Ерболұлы («Атырау»), Жанмұрат Амандос («Атырау»), Тимофей Морозов («Аят»), Асанәлі Мыңбаев («Аят»), Владимир Тихоплав («Аят»), Сұңқар Мұхтаров («Семей»), Әлібек Торғауыт («Семей»), Әділбек Нұғыманов («Семей»).

Бапкерлер штабы: Василий Смолин – аға бапкер, Жақсылық Әлішбаев  – аға бапкердің ассистенті, Сержан Шұманбаев – қақпашылар жаттықтырушысы, Михаил Мылисов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров – дәрігер, Ойбек Пулатов – массажист, Әлім Қайырлы – менеджер.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или