Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден олимпиаданың финалына шыға алмады

Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден олимпиаданың финалына шыға алмады

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында шаңғымен тұғырдан секіруден ерлер арасында сайыстар басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

9 ақпанда қалыпты тұғырдан секіру бойынша іріктеу кезеңі өтті. Финалға үздік 30 спортшы жолдама алатын еді. Алайда Қазақстан құрамасының өкілдері бұл кезеңнен өте алмады.

Данил Васильев 34-орынға тұрақтаса, Илья Мизерных 39-орынмен жарысты аяқтады. Осылайша, отандастарымыз финалға жолдама ала алмады.

Германия өкілі Филипп Раймунд іріктеу кезеңінің аралық көшбасшысы атанды.

ОИ-2026: Үшінші жарыс күні. Тікелей трансляция

Спорт министрі Миландағы спортшыларға қолдау көрсетті

Олимпиада-2026: Қазақстандықтар алғашқы жарыс күнін сәтсіз бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или