Қазақстандық конькимен жүгірушілер 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті

Қазақстандық конькимен жүгірушілер 1000 метр қашықтықта өнер көрсетті

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіру жарыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

9 ақпанда әйелдер арасында 1000 метр қашықтықта медальдар сарапқа салынды. Бұл сайысқа Қазақстан атынан үш спортшы қатысты.

Отандастарымыздың ішінде ең үздік нәтиже көрсеткен - Надежда Морозова. Ол 1:16.00 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жалпы есепте 14-орынға тұрақтады.

Елизавета Голубева 1:16.40 уақытта мәреге жетіп, 19-орынға ие болды. Ал Кристина Силаева 1:17.57 уақыт көрсеткішімен 28-орыннан көрінді.

Нидерланд спортшысы Ютта Лердам Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды - 1:12.31. Күміс жүлде Фемке Кокқа (Нидерланд) бұйырды - 1:12.59. Қола медальді жапониялық Михо Такаги иеленді - 1:13.95.

Олимпиада-2026: Қазақстандықтар алғашқы жарыс күнін сәтсіз бастады

Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлонда қалай өнер көрсетті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или