ҚПЛ: Жаңа маусымының алғашқы үш турының кестесі жарияланды

ҚПЛ: Жаңа маусымының алғашқы үш турының кестесі жарияланды

Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының күнтізбесін құру іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеребе тарту онлайн түрде өтіп, оған ҚФФ басшылығы, барлық футбол клубының өкілдері, сондай-ақ ЖИ технологияларын пайдалана отырып күнтізбе құруға мүмкіндік беретін бағдарламаны әзірлеген Astana Hub резиденттері қатысты.

Жасанды интеллектті жарыстарды жоспарлау кезінде қолдану әлемдік тәжірибеде бар. УЕФА еурокубок турнирлерінің жеребе тарту рәсімінде инновациялық технологияларды пайдаланады. Бұған қоса, көшбасшы футбол клубтары мен ұлттық құрамалар күнтізбені оңтайландыру, жүктемені басқару және ұйымдастырушылық үдерістердің тиімділігін арттыру мақсатында осындай цифрлық шешімдерді кеңінен қолданады.

Заманауи цифрлық құралдарды енгізу жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды дамыту жөніндегі міндеттер аясында жүзеге асырылуда.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялап, спортты қоса алғанда, барлық негізгі салаға ЖИ-шешімдерді енгізуді басым бағыт ретінде айқындады.

Күнтізбені қалыптастыру барысында алгоритм спорттық және ұйымдастырушылық факторлардың ауқымын ескерді. Атап айтқанда, стадиондардың қолжетімділігі, түрлі ауа райы, клубтардың еурокубоктарға қатысуы, ФИФА-ның халықаралық күнтізбесі, үй және сырт алаңдағы матчтардың жоспарлануы, инфрақұрылымның жалпы жүктемесі, ірі қалалық іс-шаралардың өткізілуі, сондай-ақ жекелеген матчтарға қатысты қауіпсіздік мәселелері мен ерекше бақылау талаптары назарға алынды.

Премьер-Лига биылғы маусымының алғашқы үш тур кестесі:

I тур

«Ақтөбе» - «Тобыл»
«Алтай» - «Қайрат»
«Астана» - «Жетісу»
«Атырау» - «Ұлытау»
«Қайсар» - «Жеңіс»
«Қызылжар» - «Каспий»
«Оқжетпес» - «Елімай»
«Ордабасы» - «Ertis»

II тур

«Каспий» - «Оқжетпес»
«Елімай» - «Алтай»
«Ertis» - «Атырау»
«Қайрат» - «Ақтөбе»
«Қайсар» - «Астана»
«Тобыл» - «Жетісу»
«Ұлытау» - «Қызылжар»
«Жеңіс» - «Ордабасы»

III тур

«Ақтөбе» - «Елімай»
«Алтай» - «Каспий»
«Астана» - «Тобыл»
«Атырау» - «Жеңіс»
«Қызылжар» - «Ertis»
«Оқжетпес» - «Ұлытау»
«Ордабасы» - «Қайсар»
«Жетісу» - «Қайрат»

Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының толық күнтізбесі ҚФФ Атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін толық жарияланады.

Дастан Сәтпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды

Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының тізімі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или