Ресейлік шабуылшы қазақстандық клубтың ұсынысынан бас тартты

Ресейлік шабуылшы қазақстандық клубтың ұсынысынан бас тартты

Ресейлік шабуылшы Идрис Умаев бірнеше клубпен келіссөз жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ASnews.kz сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы футболшы «Каспий» клубынан шақырту алып, бас бапкер Пиралы Әлиевпен де сөйлескен. Алайда қазіргі таңда Умаевтың ақтаулық ұжымға ауысуы екіталай болып тұр.

Бұған дейін ресейлік шабуылшыға елордалық «Жеңіс» пен петропавлдық «Қызылжар» қызығушылық танытқан болатын. Сонымен қатар шымкенттік «Ордабасы» клубының өкілдері де онымен байланысқа шыққан.

«Ахмат» клубының түлегі ҚПЛ-да «Шахтер» мен «Ақтөбе» сапында өнер көрсетті. Ресейдің жастар құрамасында ойнаған Умаев 2024 жылы әкесінің қазіргі Жетісу облысының аумағында дүниеге келуіне байланысты, Қазақстан құрамасына үміткер ойыншылар тізіміне енген болатын.

«Каспий» қырғызстандық командаға қарсы матч өткізді

Дастан Сәтпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды

Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының тізімі жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или