Елена Рыбакина жаңа турнир алдында қандай қиындыққа тап болғанын айтты
Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Дохада өтетін ірі турнир алдында денсаулығына байланысты қиындықтарға тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Australian Open–2026 турниріндегі жеңістен кейін Рыбакина Катарға барып, жүлде қоры 4 миллион доллардан асатын WTA 1000 санатындағы жарысқа қатысуды жоспарлап отыр. Алайда жол үстінде ол сырқаттанып қалғанын жасырмады.
«Мұнда қайта оралғаныма қуаныштымын және матчтардың басталуын асыға күтіп жүрмін. Australian Open-тен кейін көп уақыт өткен жоқ, бірақ демалуға мүмкіндік болды. Үйге қайтып бара жатқанда суық тиіп қалды, сол себепті екі күн толық тынығуға тура келді, ештеңе істемедім. Қазір жағдайым жақсы, осы қарқынды жалғастыруға жақсы мүмкіндік бар деп ойлаймын», - деді Рыбакина.
Айта кетейік, Дохадағы турнирде Елена Рыбакина алғашқы айналымды өткізеді. Ол екінші кезеңде Ван Синьюй (Қытай) мен Эмилиана Аранго (Колумбия) арасындағы жұптың жеңімпазымен кездеседі.
Қазақстандық теннисшілердің WTA рейтингіндегі орындары белгілі болды
Теннис: Қазақстан құрамасы Дэвис кубогында Монакоға жол берді