Дастан Сәтпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды
Қазақстан ұлттық құарамсының жас ойыншысы Дастан Сатпаев «Қайрат» клубының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Медициналық көрсеткіштерге байланысты «Қайрат» шабуылшысы емін Қатарда жалғастырады, содан кейін Алматыда командаға қосылады. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді:
«Дастан Сәтпаев Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатыспайды
Медициналық көрсеткіштерге байланысты «Қайрат» шабуылшысы емін Қатарда жалғастырады. Содан кейін Алматыда командаға қосылады», - делінген клубтың хабарламасында.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев өткен маусымда алматылық команданың 40 ойынына қатысып, 19 гол және 7 нәтижелі пасымен көзге түскен.
Еске салайық, Сәтпаев жарақатына байланысты Чемпиондар лигасы аясында өткен «Брюгге» және «Арсеналға» қарсы матчтардан тыс қалған еді.
Даму кубогына қатысатын Қазақстан U-17 құрамасының тізімі жарияланды
«Ертіске» ауысқан нигериялық футболшының жалақысы белгілі болды