Британдық сарапшы Төрехан Сабырханның өнерін жоғары бағалады
Қазақстандық жас боксшы Төрехан Сабырхан Испанияда өткен Boxam Elite-2026 турнирінің үздік спортшысы деп танылды, деп хабарлайды Prosports.kz .
Бұл туралы британдық сарапшы Мэтт Робинсон Мәлімдеді:
«Бұл менің жеке топ ондығымдағы ең әсерлі қатысушылар. Бірінші орын үшін Төрехан мен Аль-Альмади арасындағы күрес өте тартысты өтті. Соңында мен Төреханға финалдағы тамаша өнеріне байланысты басымдық бердім», – деп жазды Робинсон.
Төрехан Сабырхан 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды және турнирдің эксперттік рейтингінде бірінші орынға шықты. Оның ағасы Махмуд Сабырхан 55 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетіп, рейтингте жетінші орын алды.
Сарапшының айтуынша, рейтинг тек нәтижелерге емес, сонымен қатар өнер көрсету деңгейіне, қарсыластардың күшіне және турнирдегі жолдың қиындығына негізделген.
Қазақстан құрамасы Boxam Elite-2026 турнирінде жалпы алғанда алты алтын, бес күміс және алты қола медаль жеңіп алды.
Ақтөбе тумасы Германиядағы бокс кешінде жеңіске жетті
Қазақстан құрамасы Испаниядағы турнирде сәтті өнер көрсетті
Boxam Elite-2026: Қазақстанның 11 боксшысы финалға шықты