ОИ-2026: Ербол Мырзабосынов Миландағы спортшыларға қолдау көрсетті
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Миландағы Олимпиада қалашығын барып, Қазақстан құрамасының спортшыларымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олимпиада қалашығында шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары орналасқан. Министр сапар барысында спортшылар мен жаттықтырушылардың жағдайы, тамақтану және күн тәртібі жайлы ақпарат алып, жарыс алдындағы көңіл-күйі мен сезімдерін сұрады.
Ербол Мырзабосынов спортшыларға сәттілік тілеп, өз күшіне сеніп, жоғары нәтиже көрсетуге тілектестік білдірді. Ол бүкіл ел олардың өнерін жіті бақылап, командаға жанкүйер болып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар министр 4 жылда бір өтетін басты жарысқа барынша ден қойып, командалық рухты сақтап, бар күш-жігерді салудың маңызын ерекше атап өтті.
ОИ-2026: Үшінші жарыс күні. Тікелей трансляция
Олимпиада-2026: Қазақстандықтар алғашқы жарыс күнін сәтсіз бастады
Олимпиада-2026: қазақстандық шаңғышылар скиатлонда қалай өнер көрсетті