Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирде алты медаль еншіледі
Хорватия астанасы Загреб қаласында күрес түрлерінен өткен Zagreb open-2026 рейтингтік турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Грек-рим күресінен Қазақстан командасы Хорватиядағы рейтингтік турнирді 3-орында аяқтады.
Қонысбек Төкенов бастаған Қазақстан құрамасы бәсекеде 1 күміс, 5 қола жүлдемен жалпы есепте 3-орын алды.
- Күміс - Ислам Евлоев (-97 кг)
- Қола - Ербол Камалиев (-60 кг)
- Қола - Аманғали Бекболатов (-60 кг)
- Қола - Алматбек Аманбек (-72 кг)
- Қола - Ибрагим Магомадов (-82 кг)
- Қола - Олжас Сырлыбай (130 кг)
Грек-рим күресінен жалпыкомандалық есеп:
- 1. Иран құрамасы
- 2. Өзбекстан құрамасы
- 3. Қазақстан құрамасы
Өкінішке қарай, еркін күрестен барған жалғыз қазақстандық балуан Камиль Кургулиев (97 кг) пен әйелдер күресінен қатысқан төрт бұрымды балуандарымыз жүлделі орындардан көріне алмады.
Айта кетейік, келесі рейтингтік турнирді Азия құрлығының атынан Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қабылдайды.
Қазақстандық балуандар рейтингтік турнирге қатысады
Еркін күрестен ұлттық құрама бапкері алдағы жоспарларын айтты
Қазақстандық бұрымды балуандар халықаралық турнирде үш жүлде еншіледі